Көктемнің келуімен кенелер оянады...

Қазақ

Көктемнің келуімен бірге кенелер қысқы ұйқыдан оянып, кене энцефалиті және кене боррелиозы сияқты жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болып табылады.
Кенелердің белсенді кезеңі  сәуірден қазан айлары аралығы, ал белсенділіктің шыңы мамыр және маусым  айларына келеді.

Осы орайда Алатау ҚА инфекциялық бақылау мейірбикесі  кене энцефалиті эпидемиологиясы, клиникасы, кене энцефалитінің және кене сүзегінің диагностикасы туралы айтып, кене энцефалитінің спецификалық және спецификалық емес профилактикасы мәселелері жайлы талқылады.

Қорытынды жасау мен нәтиже шығару мақсатында барлық қызметкерлерден аталған тақырып бойынша тест алынды.