Наурыз мейрамымен құттықтаймыз

Қазақ

Күннің түннен ұзарып, жеті қат көктен аямай нұрын төгіп, жеті қат жерді балқытып, буын көтеріп, тіршілікке нәр берген, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Алатаудың төбесін көкке тигізіп,  қиындықтың бәрін өткен жылға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, көңілдерін жадыратқан, жыл құстарының әнімен шалқып жеткен мереке –
*Наурыз мейрамымен құттықтаймыз*!
Наурыздағы барлық бата, дұға, тілектеріңіз қабыл болсын! Армандарыңыз орындалсын, жаңа жетістіктерге жеткізсін!!!
Ұлттарды біріктіретін ұлы Наурыз мейрам баршаңызға молшылық пен татулық әкелсін! Жаңа жылда ел тыныш, туған жеріміз аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және қуаныш салтанат құрсын! Жұмысқа табыс, кәсіпке береке берсін!
Бауырымыз бүтін, жақындарыңыздың аман болсын деп тілейміз.
Ізгі ниетпен:  Алатау ҚА әкімшілігі