Республика күніне орай ауруханамыздың үздік қызметкерлері ерең еңбектері үшін марапатталды

Қазақ

Егеменді еліміздің Республика күніне орай ауруханамыздың үздік қызметкерлері ерең еңбектері үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" және "Денсаулық сақтау ісінің үздігі " төс белгілерімен марапатталды.
Осы орайда марапат иелерін құттықтай отырып, еңбекте толағай табыстар, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр-қайрат,
талмас талап-жігер тілейміз.  Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары, отбасыңыз берекелі болсын!